Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап шығару жоспарланып отыр
Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілер жасап шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Roche фармацевтикалық компаниялар тобының басшысы Кристоф Франц Женевада өткен кездесуде келісімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында Алексей Цой Facebook әлеуметтік парақшасында жазды.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche компаниясы арасында стратегиялық серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылды. Негіздік келісім Қазақстан Республикасының аумағында фармацевтика саласын дамыту жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Roche арасындағы ынтымақтастықтың қағидаттары мен ниеттерін белгілеуге және дәрілік заттардың жергілікті өндірісінің үлесін ұлғайтуға, атап айтқанда онкологиялық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар өндірісін оқшаулауға бағытталған", - деп жазды министр.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Sandoz компаниясының Еуропадағы басшысы және Sandoz атқарушы комитетінің мүшесі Ребекка Гунтернмен кездесу өткізіп, онда Қазақстан Республикасында генериктер мен биосимилярлар өндірісін локализациялау жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
- Денсаулық сақтау министрлігі қанша адамның қайта вакцина салғызғанын айтты
- "Омикрон" штамы: Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап шектеу шаралары енгізіледі
Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой m-3 Group холдингінің президенті Абдулла Шатиламен келіссөздер жүргізді. Екі тарап бірлескен ынтымақтастыққа мүдделі екенін білдірді. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі мен "m-3 Group" холдингінің өкілдері онлайн кездесу өткізіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Холдинг өз кезегінде Қазақстан нарығына және экспортқа QazVac вакцинасын Қазақстанда шығаруға немесе оны басқа брендпен экспорттау мақсатында және оны шетелде (Швейцария немесе Францияда) өндіруге лицензия алуға мүдделі екенін білдірді.