Қазақстанда кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері бекітілді

Қазақстанда кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері айқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық Банк Басқармасының бірлескен қаулысы мен Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері өз банктік шоттарынан бір ай ішінде ала алатын қолма-қол ақша сомаларының шекті мөлшері шағын бизнес үшін 20 млн теңгені, орта бизнес үшін 120 млн теңгені және ірі бизнес үшін 150 млн теңгені құрайды.

Аталған шектеу микробизнеске, ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне; қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлері бар азық-түлік, сусындар, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері; екінші деңгейдегі банктер және ұлттық почта операторы Ұлттық банкте ашылған корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақшаны алған кезде және қызметін Ұлттық банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін қолданылмайды.

Бұдан басқа 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы жеке тұлғалар үшін қосымша салықтық рақымшылық әрекет ете бастайды. Әңгіме 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша олардың дербес шоттарында есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы болып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр