Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі картоптың қымбаттауын сұраныстың артуымен түсіндірді

Фото: freepik.com

Брифингте ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдеріне қазақстандық жас картоп неге апельсиннен де қымбатырақ тұратыны жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов картоп бағасына бірнеше себеп әсер ететінін атап өтті.

“Жас картопқа келсек, бағаға өсіру технологиясы әсер етеді. Ерте картоп екенін ескерсек, ондай картоп, әсіресе, Түркістан, Сарыағаш өңірлерінде пленка астында өсіріледі. Яғни, өсіру технологиясына қосымша шығын шығады – соған байланысты.

Екіншіден, импортталған картопқа маусымаралық кезеңде сұраныс жоғары болды. Қабығы жұқа дегендей оның сыртқы түрі өте тартымды келетінін, егіс алқабынан жаңа ғана терілгенін ескерсек, осыған байланысты дүрлігіс сәті болады, бұл да осы картопқа сұраныстың артуына әкеліп соқтырады, сәйкесінше бағасына да әсерт етеді”, – дейді Сұлтанов. 

Ол жергілікті дүкендердегі мұндай картоптың бағасын Ауыл шаруашылығы министрлігі реттемейтінін, жас картоп “премиум” тауар болып саналатынын айтты.

"Бізде тауарлардың әртүрлі санаттары бар, соның ішінде реттеуге жататындары бар. Мысалы, нанның бәрі реттелмейді, тек әлеуметтік маңызы бар, бидайдан, бірінші сұрыпты ұннан жасалатыны реттеледі. Бірінші сұрыптағы ұн да реттеуге жатады. 

Соған сәйкес, картопқа келсек: 400 теңгеге дейін –  әлеуметтік картоптың бағасы. Жас картоп премиум тауарлар санатына жатады, сондықтан реттелетін үстеме қолданылмайды.

Мемлекет ретінде біздің міндетіміз – қолжетімді картоппен қамтамасыз ету. Егер ол премиум болса, өкінішке қарай, қолжетімділікті қамтамасыз ете алмаймыз", - дейді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025 12:34
Талқылау