Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қарапайым халыққа берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі рекордтық деңгейге жетті

 

Елімізде қарапайым азаматтарға берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі қымбаттап рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәселен, өткен айдың өзінде банктердің орташа ставкасы 20,2 пайызды көрсеткен. Яғни бір айдың ішінде 3,4 пайыз өскен.

Сарапшылар берген мәлімет бойынша бұл соңғы жеті жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Жылдық мөлшерлеме былтыр да 14,2 пайыздан 18,3 пайызға көтерілген.

Сондықтан, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында банктердің пайыздық мөлшерлемесінің өсу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Ал пайыздық мөлшерлеменің қымбаттауы Ұлттық банк белгілейтін базалық мөлшерлеменің өсуімен байланысты. Үш жыл бойы тұрақты түрде көтерілген базалық мөлшерлеме тек өткен айда ғана 16,75 пайыздан 16,5 пайызға төмендеді. Алайда қаржы ұйымдары пайыздық мөлшерлемені әлі азайтқан жоқ.

Талқылау