Қазақстанда карантинге қарамастан автомобиль өндірісі 1,5 есе өсті

2020 жылдың басынан бастап Қазақстанда 318,8 миллиард теңге сомасына жеңіл, жүк, автобус техникасын, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда, 43,8 мың автокөлік құралы шығарылды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

"ҚазАвтоПром" мәліметінше, қаңтар-тамызда өнім шығару көлемі былтырғы көрсеткіштен 53%-ға асып түсті.

Жеңіл автомобильдер өндірісі 46,3%-ға өсіп, 37 436 бірлікке жетті. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару (1 089 бірлік) 39,6% - ға ұлғайды. Жүк автомобильдерінің өндірісі (4 248 бірлік) 2,6 есеге, мамандандырылған автотехника – 45 бірліктен 182 бірлікке дейін, тіркемелер – 560 бірліктен 843 бірлікке дейін өсті.

Отандық автозауыттардың сатылымы жыл басынан бері 37 755 бірлікке жетті, бұл былтырғы көрсеткіштен 42,3%-ға жоғары. Сегіз айдың қорытындысы бойынша "ҚазАвтоПром" кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 57,8%-дан 70,7%-ға дейін артты.

Республика тұрғындарының жергілікті өндіріс автомобильдерін сатып алуға жұмсаған шығыстары 275,2 миллиард теңгені құрады – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 49,7%-ға көп.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің аса сұранысқа ие бес бренді: Lada (11 289 бірлік), Hyundai (9 727 бірлік), Ravon (4 807), KIA (4 282) және Chevrolet (2 214).

Отандық кәсіпорындар ұсынатын брендтер тізіміне JAC (955), UAZ (316) және Skoda (218) да кірді.

Жергілікті өндірістегі жеңіл автомобильдер сатылымының рейтингінде Lada Granta (4.832), Ravon Nexia R3 (4.807), Hyundai Tucson (2.838), Lada Vesta (2.742) және KIA Rio (2470) көш бастады.

Қазақстандықтар арасында танымал модельдердің тізімін Hyundai Accent (2 205), Hyundai Creta (1 965), Lada 4x4 (1 936), Hyundai Elantra (1 512) және Lada Largus (1 494) толықтырды.

Қаңтар-тамыз айларында жеңілдетілген автонесиелер мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар 6 549 автокөлік сатып алды. Олардың үлесіне жергілікті өндіріс автомобильдерін сатылымының 17,3%-ы тиесілі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр