Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қар барысының саны рекордтық деңгейге дейін төмендеді

Қазақстанда қар барысының саны соңғы бірнеше жылда рекордтық деңгейде төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ru.wallpaper.mob.org

Қараша айының соңында Ұлттық статистика басқармасы қызыл кітапқа енген жануарлардың саны туралы ағымдағы деректерді жариялады. Мәлімет бойынша, 2021 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстандағы қар барысының саны 170-тен 99-ға дейін азайған. Қазақстанның тау жоталарында 223 барыс болған, 2018 жылмен салыстырғанда олардың саны екі есеге азайды.

"Бір өкініштісі: ғалымдардың, экологтардың және құқық қорғау ұйымдарының жасап жатқан жұмысына қарамастан, таңғажайып тау жануарының популяциясы өткен жылы рекордтық деңгейде төмендеді. Тиісті комитеттің сайтында мұндай күрт қысқарту туралы ешқандай түсініктеме жоқ. Қол жетпейтін тау шатқалдарында мекендейтін қар барысын тіркеу ерекшеліктеріне байланысты жойылып жатыр деп айтуға келмейді", - деді авторлар.

Фото: Energyprom

WWF (World Wildlife Fund) Орталық Азия бағдарламасына сәйкес, Қазақстанның үлесіне барыс популяциясының небәрі 3 пайызы ғана тиесілі. Біздің ел тарихта қар барысы үшін экологиялық дәліз қызметін атқарды. Бұл жануардың таралу аймағын ел бойынша ғана бөлуге болмайды. Жалпы, барыстың таралу аймағы 12 елдің аумағын қамтиды. Осы мемлекеттерде қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген.

Талқылау