Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дәстүрлі білім беру форматы енгізілгеннен бері мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның өсуі байқалды. Төртінші тоқсанның басынан бері 3706 оқушы коронавируспен ауырды. Оның ішінде оффлайн оқығандар арасында - 1093, онлайн - 2613 оқушы. Төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқитын мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі Қызылорда, Қарағанды ​​және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Ал  қашықтан оқыған оқушылар арасында аурушаңдық деңгейі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоғары", - деді Цой үкімет отырысында.

Министр әкімдіктер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және білім беру ұйымдарында маска режимінің сақталуына, дезинфекциялау сияқты профилактикалық іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі керек екенін айтты.

"Қызыл" аймақтағы өңірлерде оқу қашықтан жалғасады", - дейді Цой. 

Талқылау