Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде қанша адам кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүретіні белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда қанша адам кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтуынша, бүгінде атаулы әлеуметтік көмек алатын шамамен 111 мың отбасы немесе 500 мыңнан астам адам бар. Олардың ішінде 91 мыңнан астам адам жұмыс істеуге қабілетті.

“Атаулы әлеуметтік көмек алудың шарттарының бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмысқа орналасуға немесе мамандық алуға, немесе орталықтар ұсынатын жұмыспен қамтуды қолдау шараларын қабылдауы тиіс. Соған міндетті екенін көрсететін әлеуметтік келісімшарт жасасады", – деді министр үкіметтегі брифингте.



Министр аймақтық күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен шығуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Жұмыспен қамту бойынша біз ұсынатын шараларды ескере отырып, адам жалақы алады, біз атаулы әлеуметтік көмек төлейміз, ол олар осы жағдайды жақсартып, жаңа деңгейге шығуы тиіс", – деп қорытындылады Жақыпова.

Талқылау