Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қандай діни киімдерге тыйым салынбақ

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі көпшілік ортада адамның жүзін жасыратын киімдер киюге тыйым салуға қатысты заң әзірлеп жатыр.

musulmanka02_b

Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, ҚР дін істері мен діни ұйымдарға қатысты актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. “Жоба аясында шетелде діни білім алуға қатысты белгілі бір нормалар қарастырылады; көпшілік ортада адамның жүзін жасыратын киімдер киюге тыйым салынады; діни ұйымдарға кімдердің қаржылай көмек көрсетіп отырғаны анықталады; атеистердің құқығы қорғалады, мемлекеттік қызметкерлер діни ұйымдардан шеттетіледі; кәмелет жасына толмағандарды діни ұйымдарға кіргізгендерге қатысты жаза күшейеді”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Бүгінде Қазақстанда 18 конфессия мен 3 658 діни бірлестік жұмыс істейді. Қазақстандықтардың 15%-ы дінді толық ұстанып, оған қатысты барлық парыздарды өтейді. 75% адам өзін діндар адамдардың санатына жатқызғанымен, ешқандай діни парыздарын өтемейді.


Жіберіп алмаңыз:

КТК және Хабар арналарының экс қызметкері көз жұмды

Халық ескі көліктерін қомақты қаржыға өткізіп жатыр

Алматы маңында қазақ жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

Алматы-Бішкек тасжолында екі адам көлігімен бірге жанып кетті (видео)

Талқылау