Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инвестициялық-салықтық несие берілмек

Мәжілістің жалпы отырысында салық заңнамасына енгізілген түзетулер жарияланып, инвестициялық-салықтық несие беру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Несие КТС және мүлік салығы бойынша үш жылға берілетін болады. Ол пайызсыз болады, бірақ шарттар орындалмаған жағдайда айыппұл салынады", - деді Руслан Даленов.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мақтаны қайта өңдеуге, ашытқы, кондитерлік өнімдер, қант қызылшасынан қант өндіруге ҚҚС есептелген мөлшерін азайту нормасын кеңейту ұсынылып отырғанын айтты. Бұл ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді ынталандырады, өндірісті ұлғайтады дейді ол.

Экспорт кезінде ҚҚС қайтару процедурасын жеңілдету үшін отандық тауар өндірушілерге ҚҚС қайтарудың оңайлатылған түрін пайдалану құқығы ұсынылады.

"Автокөлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларын өндіруге ҚҚС-дан босату ұсынылады. Бұл отандық автомобильдердегі қазақстандық үлесті арттырады", - деп қорытындылады Руслан Даленов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр