Қазақстанда “Имам” деп аталатын тегін такси қызметі пайда болды
Қазақстанда “Имам” деп аталатын жаңа тегін такси қызметі басталды. Бұл қызметтің ерекшелігі онда қалалық мешіттерде имам болып жұмыс істейтін адамдар көлік жүргізеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Олар тарауық-намазынан соң үйге қайтатын тұрғындарды тасиды. Рамазан айында мұндай қызметтің керек екенін ертеректе республиканың бас мүфтиі Ержан қажы Маямеров бірнеше рет айтқан болатын.
Жоба өз бастауын Шығыс Қазақстан облысында алды.
“Тарауық-намаз уақыты кешкі сәтке сәйкес келеді. Көптеген мұсылмандардың таксиге ақша төлеуге мүмкіндігі жете бермейді. Сол себепті бұл идея қасиетті айда керемет сәйкес келіп тұр. Такси өз қызметін бастағалы бері, ерекше танымалдылыққа ие болды. Тіпті тарауық-намазын оқу үшін мешітке келетін адамдар саны да артты”, – дейді “Халифа Алтай” мешітінің бас имамы Ермек қажы Мұхарай.
Талқылау

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
Альбина Испаниядағы университетінде ең үздік төрт студенттің бірі атанып, "Реал Мадрид" футбол клубында жұмыс істеуге мүмкіндік алды

"Виньеткаға 3 түрлі киім алып, биші жалдаймыз": Қазақстандық түлектердің ата-аналары бітіру кешіне қанша ақша жұмсағанын айтты
Ата-ана: "Бас-аяғы 271 500 теңге жұмсадық"