AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда халық саны 2050 жылға қарай 27 миллионнан асады - Зерттеу

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы Қазақстан халқы 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін екенін мәлімдеді. Орталық ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 миллионнан 21,5 млн-ға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

бала

"Бұл ретте егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді", – деп атап өтті орталықтың Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында 420 мың адамға немесе 33%-ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында 414 мың адамға немесе 20%-ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 369 мың адамға, немесе 32%-ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

Бұдан басқа Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында –170 мың адамға, Алматы облысында 145 мың адамға ұлғаяды. Ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық саны керісінше қысқаруы мүмкін.

Орталық мәліметіне сәйкес 2050 жылға қарай өсу бойынша көшбасшы Шымкент қаласы болады, мұнда халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Нұр-Сұлтан қаласында өсім 1 млн 634 мың адамға тең болуы мүмкін, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін немесе 1,4 млн адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, нәтижесінде өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамға жетеді. 

"Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды", – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр