Қазақстанда гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілерді елге кіргізу тәртібі өзгертілді
Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді еліміздің аумағына алып келу ережелері өзгертілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің қабылдаған қаулысында мемлекеттік тіркеуден өтпеген гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілік заттар мен медициналық құралдарды Қазақстанға әкелу тәртібі қарастырылған. Атап айтсақ, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлардан кейінгі халықтың өміріне мен денсаулығына тигізетін зардаптарды жою немесе ескерту, паразиттік және инфекциялық ауруларды емдеу және алдын алу, сирек ауруларды емдеу кезінде алып келуге рұқсат етілген.
Бұған қоса, тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді төтенше жағдай енгізілген кезде мемлекетке тасымалдауына шектеу қойылмайды.
Аталмыш қаулыны 14 қазан күні үкімет басшысы Асқар Мамин бекіткен.
Еске салайық, биыл Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай наурыздың 16-сынан мамырдың 11-іне дейін созылған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн