Қазақстанда грузиялық кәсіпкерді өлтіріп кетті
Қазақстанда 42 жастағы Грузия азаматы Леван Гремелашвили өлтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Rustavi2 телеарнасына сілтеме жасап.
Телави муниципалитетінің (Кахети) Шалаури ауылының тумасы, бірнеше ай бұрын Грузиядан кетіп, Қазақстанда жеке бизнеспен айналысқан.
Өлтірілген адамның отбасы мүшелері не болғанын айтпайды. Өлтіру себебі белгісіз. Көршілердің айтуынша, ер адам суық қарумен жараланған, содан кейін ол ауруханада көз жұмған.
Расталмаған мәліметтерге сәйкес, кәсіпкерді өзінің танысы өлтіруі мүмкін, ол Грузия азаматы. Өлімінің алдында Гремелашвили өлтірушінің есімін айтқан деп болжанады.
Грузия сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін отанына тасымалдау жөнінде келіссөздер жүргізуде.
Қылмыстың нақты қай жерде болғанын телеарна хабарламады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”