Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда гемодиализ қызметін ұсынатын Diaverum компаниясы туралы білесіз бе

Қазақстанда 2 миллионнан астам адам бүйрек дертіне шалдыққан. Ал бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған азаматтар гемодиализ алуға мәжбүр. Елімізде гемодиализ процесін ұсынатын мекемелер мен емханалар жеткілікті. Дегенмен олардың арасында қызмет сапасына қарай ерекшеленетіндері де бар. Солардың бірі – Diaverum. Қазақстанда 2015 жылы ашылған халықаралық компания бүгінде науқастарға үздіксіз әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді. 

диаверум

Халықаралық компанияның тарихы 1991 жылы құрылған Gambro Healthcare-ден басталады. Ал 2007 жылы компания атауы Diaverum деп өзгеріп, дамудың екінші сатысына өтті. Швецияның Лунд қаласында ашылған компания қысқа мерзімнің ішінде нарықтың үздігіне айналып, әлемнің 24 елінде 450 емханасын ашты. Мұнда бүйрек дертіне шалдыққан 40 мыңнан аса науқас ем қабылдады. 

Diaverum қандай компания?

Халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Diaverum компаниясы “Нефрос Азия” компаниясын сатып алған соң Қазақстан нарығына енді. Компания қазір ел аумағындағы 54 гемодиализ орталығына иелік етеді. Бірінші орынға науқастың өмір сүру сапасын қоятын компания жақында цифрлық емхананың да тұсауын кесті. Сонымен қатар жоба 2022 жылы медицина ұйымдарының ұлттық аккредитациясында ең жоғарғы деңгейге ие болды. Осылайша ел аумағында гемодиализ қызметін ұсынатын мекемелер арасында мұндай аккредитациясы бар алғашқы компания атанды.

диаверум 

Diaverum гемодиализ орталықтарында бүгінде 1000-нан аса адам қызмет етеді. Олардың қатарында медбикелер, дәрігерлер мен қосымша клиникалық персонал да бар. Сондай-ақ халықаралық компания қызметкерлеріне кәсіби тұрғыдан ғана емес, тұлғалық дамуына да жол ашады. 

Қазір компания 3000-нан аса науқасқа гемодиализ қызметін ұсынып отыр. Бұл елімізде гемодиализ процесін қажет ететін барлық науқастың 30%-ына тең. Гемодиализ процесі әр науқаста аптасына үш рет жүргізіледі. 

Гемодиализ процесі қалай жүргізіледі?

Diaverum компаниясының бас медициналық директоры, медицина саласының үздігі Жанар Мурсалованың сөзінше, науқастар үшін Diaverum тарапынан психиологиялық көмек те қарастырылған. 

диаверум

"Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған науқастар комиссия шешімінен кейін гемодиализ процедурасын алады. Гемодиализиализ аптасына 3 рет 4 сағаттан, яғни барлығы 12 сағат алынады. Көбіне науқастармен бүйректі алмастыратын терапия түрлеріне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек алдын ала ықтимал асқыну жағдайлары туралы да айтамыз. Кейде арнайы психологтар да науқастармен әңгімелеседі. Мұның барлығы процедураның тиімділігін арттыру мақсатында жасалады. Адамдар гемодиализ процесін тоқтатпауы керек, сондықтан емді жалғастыруы үшін науқастарды үнемі жігерлендіріп отырамыз", – деді ол. 

Гемодиализ алатын адамдар үшін емхана ғана емес, мұнда қызмет ететін жандардың біліктілігі де маңызды. Сондықтан медбикелер мен пациенттердің өзара қарым-қатынасына, қызмет көрсету барысына көңіл бөлінеді. 

"Науқастарымыз гемодиализ процедурасы кезінде өздеріне ем-дом жасаған медбикелермен, өзге де қызметкерлермен бір отбасыдай болып кеткенін айтады. Алғыcын хат арқылы жеткізеді. Осылайша емханаға келген әр адам өзін жайлы сезінгенін қалаймыз. Бұл біздің көмегімізге жүгінетін адамдарға ғана емес, қызметкерлер құрамына да қатысты", – дейді Жанар Мурсалова.

Diaverum компаниясының қандай артықшылықтары бар?

Қарағандылық Қалдыбала Ахметова – Diaverum емханасынан гемодиализ процесінен өтетіндердің бірі. 2011 жылы комиссия диализ алу туралы шешім шығарған соң алдымен облыстық ауруханадан ем қабылдағанын айтады. 

"Облыстық ауруханада гемодиализ алатындар үшін ешқандай жағдай жасалмаған еді. Қызмет көрсету сапасы да ұнаған жоқ. Сосын қаламызда Diaverum емханасы ашылғанын естіп, сол жаққа ауыстым. Содан бері 13 жылға жуықтап қалды. Diaverum-дегі қызмет сапасы керемет деп айта аламын. Оның үстіне қажет дәрі-дәрмекті өздері береді. Ал медицина қызметкерлері біздің бауырымызға айналды, барлығы сыпайы. Diaverum екінші үйіміз секілді, сондықтан өз таңдауыма еш уақытта өкінбеймін", – дейді Қалдыбала Ахметова.

Қарағандылық әйелдің сөзінше, өзге емханалармен салыстырғанда Diaverum компаниясы өз науқастарына көп көңіл бөледі. Қажет кезде психиологиялық қолдау да білдіреді екен. 

"Мысалы, қызмет көрсету протоколына енбесе де, Diaverum өз науқастары үшін үйден емханаға, емханадан үйге дейін жеткізу қызметін ұйымдастырады. Бұл да науқастарға жасалған қамқорлық емес пе? Сондықтан Diaverum компаниясына алғысым шексіз", – деп сөзін аяқтады Қалдыбала Ахметова. 

диаверум

Diaverum Қазақстанның директоры Амантур Рысқұлов компанияның қазіргі бағыты туралы айтып берді. Оның пайымдауынша, Diaverum науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық береді. Сонымен қатар барлық процесті цифрландыру үшін де көп жұмыс атқарылыпты. 

"Diaverum тек емханалар желісі емес, бұл – үлкен әрі толыққанды экожүйе. Біз гемодиализ процесіне келетін барлық науқастың өмірін жеңілдеткіміз келеді. Сондықтан емхана қызметін цифрландыруды қолға алдық. Мәселен, әр науқас гемодиализ процедурасының нәтижесін смартфонындағы D.CARE қосымшасынан көре алады. Мұның барлығы ақпарат алмасу процесін жеңілдетеді", – дейді Амантур Қаныбекұлы. 

Diaverum 2023 жылы Орталық Азиядағы алғашқы цифрлық емханасын да ашқан. Мұнда орнатылған барлық гемодиализ аппараты озық технологиямен жабдықталған. 

"Аппаратта әр науқасқа тағайындалған ем-дом шаралары сақталады. Сондай-ақ процедура қорытындысы арнайы ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік порталға жіберіледі. Емхана ішіндегі барлық процесс цифрландырылған, ешқандай қағаз керек емес. Бұл медицина көмегінің қауіпсіздігін арттырып, шығынды азайтады. Әр адам толыққанды өмір сүруге лайық, сондықтан Diaverum әрі қарай да қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастыра береді", – деп түйіндеді Амантур Рысқұлов.

Амантур Рысқұловтың сөзінше, денсаулық сақтау саласы тек озық технологияларға байланысты емес. Себебі денсаулық сақтау жүйесі адам өмірін мұқият әрі дәлдікпен жақсартуы керек дейді. 

“Мен Diaverum-ның осы технологиялық революцияның алдыңғы қатарында тұрып қоймай, Қазақстандағы бүйрек күтімін өзгертуде жанашырлықпен қызмет ететінін мақтан тұтамын! Қазақстан азаматтарының 10%-дан астамы созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан. Ал Diaverum еліміздің түкпір-түкпіріндегі 54 емханада әлемдік деңгейдегі бүйрек күтімі қызметтерін ұсына отырып, бүйрек ауруына шалдыққан науқастардың өмірін жақсартуға тырысады”, – деп түйіндеді компания басшысы.

Еске салайық бұған дейін Қазақстанда бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 9000-ға жуық науқас гемодиализ процесіне тәуелді екені туралы жазған едік. Бүгінде гемодиализ процесін алу барлық науқасқа тегін. Бұл үшін үкімет тарапынан миллиардтаған қаржы бөлінеді. 

Талқылау