Қазақстанда газ бағасы күрт өсті
Фото: pixabay.com
Қазақстанда қаңтар-шілде айларында табиғи газ өндірісі 10%-дан астам қысқарғанына қарамастан, халық үшін газ бағасы бір жыл ішінде 27,7%-ға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz сайтына сілтеме сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл жеті айда елімізде 14,8 миллиард текше метр газ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға аз. Өндірілген газдың басым бөлігі – 93%-ы Батыс Қазақстан облысына тиесілі.
Импорт көлемі 2,3 есеге өсіп, 4,2 миллиард текше метрге жетті. Осылайша, тұтынылған газдың 44,6%-ы импорттан қамтамасыз етілді.
Сарапшылардың айтуынша, тамыз айында халық үшін газ бағасы бір айда 21%-ға, жыл басынан бері 26,9%-ға, ал соңғы бір жылда 27,7%-ға өскен. Ең үлкен баға өсімі Атырау облысында байқалды – бір жыл ішінде газ бағасы 70%-ға көтерілген.
Қазақстанның табиғи газ өндіру бойынша әлемдік рейтингінде 49 елдің ішінде 25-орынға тұрақтады. 2024 жылы республикада 29,7 миллиард текше метр газ өндірілген, бұл әлемдік қордың тек 0,7%-ына шамалас.
Салыстыру үшін, АҚШ 1 триллион, Ресей 629,9 миллиард, ал Иран 262,9 миллиард текше метр газ өндірумен әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді.
Елордада жаңа пәтер бағасы үш жарым жылда ең жоғары қарқынмен өскен
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің қымбаттау себебін түсіндірді
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың жазынан бастап Қазақстанда үнемшіл тұтынушыларға газға жеңілдік берілетінін жаздық. Әлеуметтік көмекті алатын отбасылар белгіленген нормадан аспай газ тұтынса, 24%-ға дейін үнемдей алады. Нормадан артық пайдаланса, қосымша ақы төленеді. Баға келесі үш жылда жыл сайын 33%-ға өсіп, екі есеге қымбаттауы мүмкін.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
