Қазақстанда фуд-кордтарға жұмыс істеуге рұқсат етілді
Фуд-корттарға Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану нысандары мен банкет залдары бұдан былай еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ashyq жобасы енді қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, асхана, стрит-фуд сияқты объектілерден басқа банкет залдары сияқты кәсіпкерлік объектілеріне кеңейтілетін болады.
Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын шектеу қазіргі уақытта елді мекен кіретін аймаққа байланысты қолданылатын болады.
Сонымен қатар, Ashyq-пен фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары; спа-орталықтар; сауналар, бассейндер қол жетімді болады; компьютерлік клубтар, боулинг-клубтар; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар. Сондай-ақ облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар. Тағы да океанариум, марафондар; көрермендермен спорттық іс-шаралар; лотерея клубтары және лотереяны өткізудің басқа нүктелері жұмыс істейді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ