Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда фильмдерді қазақ тілінде дубляждау міндеттеледі

Мәдениет және спорт министрлігі "Кинематография туралы" заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрліктің баспасөз қызметі заң жобасына түзетулер енгізу міндетті дубляж немесе фильмнің қазақ тіліндегі түпнұсқасын талап етуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ сөздердің орфографиялық нормалары мен тәртібінің сақталуын, олардың дұрыс құрастырылуы мен айтылуын қамтамасыз ету үшін тиісті нормалар қабылданды.


"Фильмдер қазақша субтитрмен орыс тілінде көрсетіледі, бірақ керісінше болуы тиіс": Мамандар дубляждың қиындықтары жайлы айтты


"Қазір мүдделі органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдерінен және кинематография қайраткерлерінен жасақталған жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы 10-нан астам отырыс өткізді. Онда кинематографияның кинокомиссиясын құру, фильмдерді қазақ тіліне дубляждауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды", – делінген ақпаратта.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазір қазақ тілінде 35-тен астам фильм прокатқа шығып, демеушілер 1,4 миллиард теңге бөлді.

Заң жобасы үкіметте биыл қазанда қаралады. Содан кейін ол желтоқсанда парламент мәжілісінің қарауына жіберіледі. Заңды қабылдау 2022 жылға жоспарланған.

Талқылау