Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткіні интернет арқылы тарату мен сату аса ауыр қылмыс түріне жатқызылды 

Ендігі уақытта елімізде есірткі түрлерін интернет арқылы жарнамалау, тарату мен сату аса ауыр қылмыс болып саналады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Берікхан Нұрғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгінде есірткіні сату мен таратуда басты алаң интернет болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдан бастап заңнамаға қылмыстық әрекеттің жаңа құрамы енгізілді. Атап айтқанда, есірткі қолдануға бейімділік және оны интернетте сату. Ендігі уақытта бұл әрекет аса ауыр қылмыс түріне жатады және ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Жыл басынан бері интернет арқылы есірткі сату бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды, оның екеуі сотқа жіберілді", - деді Берікхан Нұрғалиев ҚР ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, есірткіні интернет арқылы тарату мен сатудың жолын кесу мақсатында интернет кеңістігіне арнайы мониторинг жүргізіледі. 

"Өткен жылы есірткіні жарнамалаған 1200-ден астам сайт анықталды. Ал биылғы жылдың 3 айында 400 сайт анықталып отыр. Сайттардың жұмысын тоқтату үшін оған қатысты мәліметтер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберілді", - дейді ол. 

Сондай-ақ, ҚР ІІМ өкілі наркотикалық заттар тізімін толықтырған Үкімет қаулысы әзірленгенін тілге тиек етті. Аталған қаулыға сәйкес, ендігі уақытта ел көлемінде тағы 10 наркотикалық зат пен 6 есірткі түрі қолдану мен таратуға тыйым салынды. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жыл басынан бері ел аумағында 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр