Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткіге қанша бала тәуелді екені белгілі болды

Денсаулық сақтау министрлігі есірткі қолданатын қазақстандықтар туралы мәліметтерді баяндады. Мәлімдеулерінше, бақылауда 108 722 адам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels

Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анжела Бексұлтанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстанда "психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылысы" диагнозымен 108 722 адамның динамикалық бақылауда екенін айтты. Оның ішінде 18 329 азамат – есірткі және психотроптық заттарға тәуелді.

"Нашақорлардың 91% (16 817) ерлер, 9% (1 512) әйелдер. 2 734 (15 пайызы) адам 18 бен 29 жас аралығында, ал 66-ы балалар мен жасөспірімдер. Ресми статистика елдегі нашақорлардың нақты санын көрсетпейді, өйткені көптеген нашақорлар өз жағдайын жасырады", – деді Анжела Бексұлтанова.

2023 жылы 24 сағаттық стационарда 3534-ке жуық нашақор емделді.

"20 жылдан бері нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, оған детоксикация, психотерапевтік және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді", – деді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Биыл медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшелерін Абай, Ұлытау, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында орналастыру жоспарланып жатыр.

Талқылау