Қазақстандық әйел күйеуінің шотында қанша қаржы барын білу үшін сотқа жүгінді

Қазақстандық әйел ажырасқаннан кейін бұрынғы күйеуі екеуі бірге жинаған шоттағы ақпаратты біле алмай сотқа жүгінді. Ерлі-зайыпты бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма? Конституциялық сот осы мәселені қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Конституциялық Сот ерлі-зайыптының бір-бірінің банк деректеріне қол жеткізе алу мәселесін қарайды. Бұл мәселе бір азаматшаның өтінішінен кейін қарала бастаған. Сот "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңның 50-бабы 4-тармағы Конституцияға сай ма, соны тексермек.
“Азаматшаның айтуынша, бұл ереже ерлі-зайыптының біріне ортақ жинақ туралы ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан ортақ мүліктегі өз үлесін талап ету қиынға соғады. Өтініште айтылғандай, әйел некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу үшін сотқа талап-арыз дайындаған. Алайда ол бұрынғы жұбайының неке кезінде жинаған ақшасы туралы банк мәліметтерін ала алмаған”, – делінген сот хабарламасында
Сондықтан ол банктерді бұл ақпаратты беруге міндеттеуді сұрап, сотқа жүгінген. Бірақ сот оның талабын қанағаттандырмаған.
-
Қазақстандық әйел бөтен отбасының ажырасу салдарынан үйі мен көлігінен айырылып қалды
-
Қазақстанда енді несие мен алимент бойынша қарызын төлемегендер жүргізуші куәлігінен айырылады
Қолданыстағы заңға сәйкес, банк құпиясына жататын мәліметтер тек шот иесіне ғана беріледі. Ал басқа адамға, соның ішінде жұбайына да, бұл ақпарат тек шот иесінің келісімімен ғана ашылады.
Конституциялық Сот әлі шешім шығармады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан