Қазақстанда ерекше балаларға жағдай жасамаған мектеп директорлары жауапкершілікке тартылады
Мәжіліс депутаттары инклюзивті білім беру туралы заң жобасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасамайтын мектеп басшылары жауапкершілікке тартылатыны туралы өзгерту енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекова елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 162 мыңнан астам бала немесе балалардың жалпы санының 2,7 пайызы білім беру процесіне ерекше көзқарасты талап ететінін айтты.
"Білім беру ұйымдарында арнайы жағдайларды қамтамасыз етуде, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдап отыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен әкімдіктердің құзыреті кеңейтілді. Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу білім беру ұйымы қызметінің түрі мен нысанына қарамастан қаржыландырудың бірыңғай тәсілін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тапсырысты іске асыру жеке секторды тарту, балаларды қамту көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді", - деді депутат.
Заң жобасында "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
