Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ер азаматтар да жаппай пластикалық ота жасатуға көшкен

Әжімін тартып, өзінің жасынан әлде-қайда жас көріну әйелдердің ғана мәселесі емес екен. Қазақстанда қыз-келіншектерді былай қойып, ер азаматтар да жаппай пластикалық ота жасатқанды әдетке айналдырып бара жатқан көрінеді.

Сахнада жарқырап жүретін жұлдыздар ғана емес, қарапайым жігіттер де жүздеріне күтім жасауды құп санайды. Пластикалық отаның көмегіне кімдер жүгініп жүр?! Қазақ жігіттерінің қай мүшесіне көңілі толмайды? Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Шоу бизнеспен қоштасып, бизнесмен болып кеткен Шоқан Маратұлы өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Эстрададағы әнімен, сымбатты сәнімен миллионер Райымбек Баталовтың қызының жүрегін жаулап алған Шоқан бетіне қазірдің өзінде биоревитализация жасап, яғни бетін томпайтып үлгеріпті.

Десе де жігіттер ақырын күтпей-ақ келісті келбет үшін пластикалық хирургтардың көмегіне асығатын болып алған. Олар көбінесе пластикалық ота арқылы бетінің тыртығын жоқ қылып, мұрнын түзетіп, құлағын кішірейткісі келеді.

“Әсіресе қазақ жігіттері көп келеді бізге. Сығырайған көзді үлкейтіп беріңіз, әжімдерімізді кетіріңіз деген сұрақтармен көп келеді. Ерінді біз үлкейтеміз. Ер азаматтарға бетін тартамыз. Иектің астындағы майды сорамыз. Және де мысалы жамбас айналасындағы жұмсақ тіндерді үлкейтетін де операциялар жасаймыз. Бұл енді меніңше жақсы тенденция. Ұялатын ештеңе жоқ деп ойлаймын”, – дейді пластикалық хирург Айна Досан.

Ал халық алдында қашанда ер мінезімен ерекшеленуге тырысатын әнші Серікбол Сайлаубек түрін түзегісі келетін еркектерді еріккендер деп есептейді екен.

“Алпыс жыл ат болғанша, алты күн айғыр болып кісінеп өлгенің артық. Әйел баласына хирургиялық пластикалық операция жарасатын шығар. Бірақ ер азаматқа өмірінде бір ақ рет хирургия керек. Сүндетке отырғызған кезде. Көрдің бе?! Ер азамат сәл маймылдан сәл әдемі болсақ болды емес па?! Ең бастысы ішкі жандүниең бай болған дұрыс та?!”, – дейді әнші Серікбол Сайлаубек.

Анадан туғандай теріңізді жасартамыз, артық майыңызды алып тастап сымбатты қыламыз деп, жарнамасы жер жарып жатқан клиникалар аз емес бүгінде. Дегенмен кәрілікпен күрескендер өз жұмысына ешқандай кепілдік бермейтінін ұмытпаған жөн.

Тағы да оқыңыз:

Молдова елінің кәсіпкері елімізден Қашағанды сатуды талап етуі мүмкін

Атырауда қытайлық үлесі бар компания 30 гектар жерді бүлдіріп қашып кеткен

Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады

Талқылау