Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ер адамдардың жартысы жыныстық жолмен таралатын жұқпалы ауруларға шалдыққан

Ақ халаттылардың айтуынша, тап осы жыныстық қатынас мәселесінде ерлердің жағдайы мәз болмай тұр екен. Жоғарыда аталған деректерден бөлек, тағы 45 пайызға жуығы жыныстық жолмен таралатын түрлі жұқпалы ауруларға шалдыққан, деп хабарлайды КТК.

Сондай-ақ, иммун тапшылығы вирусы, СПИД диагноздарымен есепте тұрған ерлердің саны әйелдерге қарағанда екі есе көп. Еліміздің 14 облысына сараптама жасаған мамандар осындай нәтижелерге тап болыпты. Соның салдарынан еркектер өміріне қауіпті төндіретін жүрек-қан тамырлар ауруына, қант диабетіне, семіздікке тап болады дейді дәрігерлер.

“Ерлердің денсаулығы тек Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде ойдағыдай емес. Себебі, дәрігерге үш есе кем барады, Қазақстанда ерлердің өмір сүруі әйелдерге қарағанда он жылға кем. Барлық облыста ерлер денсаулығы деген орталық ашылды. 195 мың еркек сол орталықтан бүгін өтті”, – дейді профессор, медицина ғылымдарының докторы, Мырзакәрім Алшынбаев.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тоңазытқыштан табылған балалардың мәйітін қаңғыбастармен бірге көміп тастаған

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы қаншаға өсуі мүмкін

Оқулықтағы «зың-зың-зың», «дың-дың-дың» сөзі бар ән мәтіні жұртты күлдіртті

Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Талқылау