Еліміздің үш аймағында енді жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы бақылайды
Отандық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы бақылауға көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Елімізде жол ережесін бұзғандарды бақылайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары Маңғыстау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қолданылып жатыр.
Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары трассаның бойына шығып, дрон ұшырып жатыр. Аталған құрылғы жылдамдықты асырған, қарсы бетке шыққан, екі жолақты басып өткен және тағы басқа ережені бұзған көліктерді тіркейді. Сосын полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, жазаға тартады. Жаңашылдықты өзге өңірлерге де енгізу жоспарланған.
Еске салсақ, Қазақстанда жүргізушілерге салынатын айыппұл үшін 50% жеңілдікті алып тастау ұсынылған еді.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі