Қазақстанда енді табысы аз және мұқтаж азаматтар тұрғын үй сертификатын онлайн ала алады
Елімізде енді табысы аз әрі баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үй сертификаттарын онлайн Egov.kz сайты арқылы ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сертификат әлеуметтік осал топтағы, мүгедек балаларды асыраушы не толық емес отбасыларға жеңілдік ретінде қарастырылған. Бұл азаматтарға тұрғын үй бағдарламасымен баспана алуға арналған жарнаның бір бөлігі мемлекет тарапынан төленеді.
Ал сертификатты онлайн алу үшін өтініш берушілер Egov.kz сайтындағы “Жылжымайтын мүлік” және “тұрғын үй қатынастары” бөліміне өтуі керек.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"