Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді самокатты кез келген жерде тастап кететіндер жаза арқалайды

Енді самокатты кез келген жерде тастап кететін азаматтар тексеріледі. Өйткені самокатын қалдыра салатын қала тұрғындары көбейген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock.com

Әр жерде шашылған самокат жаяу жүргіншілердің ашуын туғызды. Сол себепті жауапты мамандар бақылауды күшейтпек. Әр жерде қалдырылған самокаттар жаяу жүргіншілердің жолына кедергі. Сондықтан қос дөңгелекті құрылғыны тротуарда тастаған жандарға шағым көп. 

Астана әкімдігі мен полиция енді әр апта сайын рейд өткізіледі деп отыр. Самокатты кез келген жерге тастап кете салатындарға айыппұл салып, ескерту жасайды.

“Самокатты адам қалдырған кезінде оның аккаунтына ескерту жасалады. Одан бөлек екінші, үшінші рет қайталаса, аккаунтын блокқа қою мәселесі қаралып жатыр”, – деді Астана қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев.



Самокат тепкендер үшін арнайы ережелер бар. Олар тек веложолақпен жүруге тиіс. Ол жоқ болса, жолдың оң жағын пайдалануы керек. Тротуарда жүруге рұқсат етілгенімен, әрқашан жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Сондай-ақ 18 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар тұрғындарға самокат тебуге рұқсат етілген. Әрі олар міндетті түрде каска киюі керек.

Соңғы бір айдан бері электрсамокаттар қатысқан 1,5 мың құқық бұзушылық пен жол көлік оқиғасы тіркелген екен.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда электрлі самокаттарды жалға беруге тыйым салу туралы петиция жарияланған еді.

Талқылау