Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді салық берешегі 80 мың теңгеден аз азаматтардың шоттарды бұғатталмайды

Қазақстанда салық берешегі 20 АЕК-тен (2025 жылы 78 640 теңге) төмен азаматтардың есепшоттары бұғатталмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа салық кодексіне қатысты айтып берді.

"Жаңа салық кодексі аясында біз қарыз сомасына сараланған тәсілді қолданатын боламыз. Біріншіден, егер қарыз сомасы 20 АЕК-ке дейін болса, онда жай ғана хабарлама жібереміз. Салықтан бөлек бізде әлеуметтік аударымдар, зейнетақылар, медициналық жарналар бар. Олар бойынша қарыз 1 немесе 10 теңге асса шоттар бұғатталуы мүмкін", – деді Біржанов.


 

"2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды": Сарапшылар жаңа салық кодексін талқылады


Бұл мәселе бойынша министрлік мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттарымен бірлесе жұмыс істеді.

“Есепшотты бұғаттау шегіне де өзгерістер енгізілуде. Мың теңгеге бола есепшот бұғатталмайды. Бұл жаңа салық кодексінің жобасына енгізілген. Керісінше көмек көрсетіп қанша айыппұл төлеу керек, қарызы бар ма айтып отырамыз. Шоттарды бұғаттағымыз келмейді. Бірақ біз салықты ғана емес, әлеуметтік аударымдарды да бақылауға міндеттіміз", – деді Біржанов.

Еске салсақ, Қазақстанда баласы жоқтарға салық енгізу ұсынылған болатын. 

Талқылау