Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар еңбек шартының орнына қолданылмайды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда енді азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды стандартты еңбек шартының орнына қолдануға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы депутаттар әзірлеген "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске енгізілген түзетулерде айтылған. Түзетулер 19 қарашада мәжіліс палатасының пленарлық отырысында бірінші оқылымда қаралады.

Атап айтқанда, Еңбек кодексіне енгізілген түзетулер жалақы төлеу және келісім комиссияларының жұмысын жетілдіруді, сондай-ақ еңбек қызметінің белгілері болған жағдайда азаматтық-құқықтық шарттар жасауға тыйым салуды көздейді.

Айта кетейік, Қазақстанда компаниялар азаматтармен жиі азаматтық-құқықтық шарттар жасасады, оған сәйкес орындаушылар белгілі бір ақыға жұмыстар мен қызметтерді атқаруға міндеттеледі. Бұл шарт бойынша жұмыс істеген қызметкер демалыс және денсаулығына байланысты төленетін ақыларды ала алмайды.

Сонымен қатар Әлеуметтік кодекске жұмыс істемейтін әке кішкентай балаларға күтім жасаған уақытты еңбек өтіліне қосу ұсынылады және бұл жасына байланысты зейнетақы тағайындағанда есепке алынады.

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексте өндірістік жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтау тәртібі де нақтыланатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар күйзеліс кезінде еңбекке жарамсыздық парағын аштыра алатыны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 22:26
Талқылау