Қазақстанда енді алкогольді тек арнайы дүкендерде ғана сату ұсынылды
Фото: pixabay.com
Қазақстан Ішкі істер министрлігі алкоголь өнімдерін тек арнайы дүкендерде, шектеулі жұмыс уақытымен сатуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство алкогольге байланысты мәселелерді кешенді түрде шешу қажет деп санайды. Себебі кейбір кәсіпкерлер лицензиясынан айырылса да, ішімдікті басқа тұлғалар арқылы немесе тәулік бойы жұмыс істейтін барлар атынан сатуды жалғастырып жатыр екен.
Министрліктің мәліметінше, алкоголь айналымы бойынша 7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған. Кәсіпкерлерге 370 миллион теңге айыппұл салынған, 2252 субъекті лицензиясынан айырылған.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда ішімдік ішуге байланысты 107 мың жағдай тоқтатылған. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынған. Ел бойынша 402 ауыл мен елді мекен спирттік ішімдіктен өз еркімен бас тартқан.
Отырыста рұқсат беру талаптарын күшейту және алкогольді тек арнайы дүкендерде сату мәселесін қарастыру ұсынылды.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
