Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ең төменгі жалақы көтерілмейтін болды

Stan.kz қаржы банк жалақыФото: Stan.kz

Үкімет жақын арада ең төменгі жалақыны көтеруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Дегенмен бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова көтеріледі деп уәде берген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үкіметтегі баспасөз конференциясында премьер-Министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл нақты емес екенін айтады.

"Шынын айтқанда, әзірге ондай жоспарымыз жоқ. Қазір елімізде ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Оны көбейту мәселесі әзірге қарастырылған жоқ", – деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін ең төменгі жалақыны көтеру туралы еңбек министрлігінен бөлек, қаржы министрі Мәди Такиев те мәлімдеген еді. Алайда қазір ол сөзінің нақты жоспарға емес, тек есептік деректерге қатысты екенін түсіндірді.

"Барлық көрсеткішке сенсек, орташа мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, оны бұрынғы деңгейде қалдырамыз", – деп түсіндірді Такиев.


Демалыс күні жұмысқа шақырса, бармауға құқығыңыз бар ма? Заңгер түсіндіріп берді


Қазақстанда қай сала мамандары жоғары жалақы алатыны белгілі болды


Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 2026 жылдың бюджетінде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға 622 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Өсім мөлшері болжамды инфляция деңгейіне сай – 10%-ға дейін болады. 1 қаңтардан бастап ынтымақты және базалық зейнетақылар, мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар көбейеді. Мысалы, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге, ең жоғарғысы 50 851 теңгеден 55 936 теңгеге дейін өседі.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 16:13
Талқылау
`