Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электрондық сандық қолтаңбаның баламасы енгізіледі

Қазақстанда электрондық сандық қолтаңбаға балама болатын Face ID жүйесі енгізіледі. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министірінің орынбасары Абылайхан Оспановтың сөзінше, тұлғаны бет-әлепті арқылы сәйкестендіретін жүйе алдағы үш ай көлемінде енгізілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қазақстанда электронды сандық қолтаңбаның баламасы енгізіледі

Вице-министр бүгінгі тағда электрондық сандық қолтаңбаны алу процедурасын жеңілдету және мемлекеттік қызметтерді ЭСҚ-сыз алуға мүмкіндік беретін балама әдістерін дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Оспановтың сөзінше, ЭСҚ-ны ұялы телефонға бір рет жүктеп, оның қолданылу мерзімін ХҚКО-ларда ұзартуды қажет етпейтін әдіс дайындалуда. 

«Егер ЭСҚ-ны телефонға орнатып алсаңыз, Face ID-ді телефонға байлау мүмкіндігін береміз. Осылайша, сіз өзіңізде ЭСҚ барын ұмытасыз. Телефонды бетіңізге жақындатқан бойда ол автоматты түрде барлық сауалдарды растайтын болады», - дейді Оспанов. 

Сондай-ақ вице-министр жаңа жүйенің алдағы үш ай көлемінде енгізілетінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова ЭСҚ-ның мемлекеттік қызметтерді алуды қиындататынын айтқан еді. Осы себепті оны міндетті түрде пайдалану шартынан біртіндеп шығара бастайды.

Талқылау