Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электронды құжаттар ресми түрде қағаз құжаттармен теңестірілді

Президент Қазақстанда цифрландыруды дамыту туралы құжатқа қол қойды. Цифрлық даму министрлігінің өкілі норманы енгізудің қандай өзгерістерге жол ашатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

егов

Ведомство өкіліеің сөзінше, цифрлық трансформация азаматтар мен бизнестің, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі және мемлекеттік аппарат жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынды қысқартуға мүмкіндік береді.

"Заң жобасы аясында мемлекеттік басқаруды цифрландыру кезінде бірыңғай платформа тәсілін қамтамасыз ететін "электронды үкіметтің" бірыңғай архитектурасын (мемлекеттік органдар мен әкімдіктер архитектураларының орнына) енгізу ұсынылды", – деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, азаматтар мен бизнес өкілдерінен ақпарат жүйелерінде бар мәліметті талап етуге тыйым салынды.

"Бұл өзгерістер мекемелерге құжаттардың қағаз баламасын, көшірме жасауға кететін уақыт пен ақша шығынын болдырмайды. EGov mobile цифрлық құжат сервисінің қолдану аясы кеңейтілді. Әрбір азамат eGov mobile бағдарламасын өз смартфонына жүктей алады, бұл қағаз құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік береді", – деп түсіндірді министрліктегілер.

Сондай-ақ, министрлік заңмен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру тәртібі өзгертілгенін хабарлады. 

"Енді туу, неке, ажырасу, қайтыс болғаны туралы куәліктер мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін азаматтың Еgov-тағы жеке кабинетіне түседі. Бұл ретте куәліктердің қағаз нұсқасын алу құқығы өтінішхат берілген жағдайда сақталады", – делінген хабарламада.

Президент қол қойған заң мынадай мүмкіндік береді:

  • мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар мен бизнес үшін түрлі шығынды азайтуға;
  • ауыл мен қала тұрғындарының цифрлық теңсіздігін төмендетуге;                           
  • мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқартуға;                                 
  • қабылданатын басқарушылық шешімдер тиімділігін арттыруға;                                           
  • ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге;                                                                                       
  • мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқартуға.
Талқылау