Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электромобильдерді бажсыз әкелу екі жылға ұзартылды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда электромобильдерді бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mavink.com

Бұл Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды. Қазақстандықтар үшін маңызды келісімдердің бірі электронды қозғалтқышы бар автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту болды.

"Біздің азаматтар үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімі аяқталды. Бірақ оны тағы екі жылға ұзарттық. Одақ бойынша жалпы квота 96 мың болса, оның ішінде Қазақстанға – 30 мың автокөлік бажсыз, салықсыз", - деді Жұманғарин.

Талқылау