Қазақстанда электр қуатының бағасы өсті

Қазақстанда электр энергиясының бағасы көтерілді. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

цвет

Бұйрық 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның 44 энергия өндіруші ұйымының 34-інде тариф бағасы өседі, 9-ында бұрынғы баға сақталады, ал біреуінде арзандайды. 

Электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарау шамамен 27 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік береді.

"2020 жылы энергия өндіруші ұйымдардың шығындары оларға байланысты емес себептер бойынша (отын сатып алу шығындары, ЖЭК сатып алу көлемі, бюджетке төлемдер және жүйелік оператордың қызметтерін төлеу) ұлғайды. Сонымен қатар, станциялардың тозу деңгейі жылдан жылға артып келеді және қазіргі уақытта шамамен 60 пайызды құрайды. Осыған байланысты электрмен жабдықтау сапасына қауіп төніп тұр.

Бұл жағдай қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуаттарын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 миллиард теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүр етеді, бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді. Осыған байланысты Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдары сәуір айында топтар бойынша шекті тарифтерді түзетуге өтінім берді. Оларды қарау кезінде министрлік әр жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Болжамдар бойынша, шекті тарифтер өзгерген кезде статистикалық орташа пәтерлер бойынша (электр плиталары бар пәтерлерді есептемегенде, орташа тұтыну көлемі айына 170-220 кВт*сағ құрайтын екі немесе үш бөлмелі пәтер) электр энергиясын төлеуге арналған орташа чек ағымдағы шоттарға айына 200 теңгеден аспайтын сома қосылу арқылы төртінші тоқсанда ұлғатылуы мүмкін.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр