Қазақстанда екі университеттің атауы өзгерді
Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" бұйрығы бойынша елімізде екі жоғары оқу орнының атауы өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" КЕАҚ бұйрығымен "Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" КЕАҚ болып өзгертілді. Университетке Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілді.
Сонымен қатар "А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ атауының транскрипциясы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ болып өзгертілді.
Бұйрық 2023 жылдың 25 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”