Қазақстанда екі әскери қызметші алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деп күдкке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы еліміздің бас әскери прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісі автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатумен айналысқаны анықталған.
Ал Ұлттық ұланның келісімшарты бойынша әскери қызметшісі смартфондарды төмендетілген бағамен сатып алу сылтауымен азаматтардан 97 млн. теңгеден астам ақшалай қаражат иемденген.
Қазір аталған қылмыстық іс материалдармен танысу сатысында. Құжат жақын арада әскери сотқа жіберіледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”