Қазақстанда екі абақты жабылады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша, қамаудағыларды тиісті жағдайда ұстау мақсатында осы жылдың соңына дейін 2 орташа қауіпсіздік мекемесін жабу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түрмеЖабу жоспарланған түзету мекемелері: Қостанай облысының Құсмұрын кентінде УК-161/4 және Шығыс Қазақстан облысының Шуақ ауылында ОВ-156/17.

"Белгілі болғандай, соңғы онжылдықта Қазақстанда түрмеге қамалғандар саны екі еседен көп азайған. Осыған байланысты, біз ең ескі, сәулет және техника жағынан ескірген абақтыларды біртіндеп жабу бойынша жұмыстарды жүргізіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Мысалы, былтыр төрт мекеме жабылды", - деді ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

Оның сөзіне қарағанда, негізінен облыс орталықтарынан алыс орналасқан мекемелер жабылуда, себебі ондағы сотталушыларды жұмысқа тұрғызып, қызметкерлерді жұмысқа алу мәселелері күрделі.

"Үнемделген қаржы басқа пенитенциарлық мекемелерді материалдық-техникалық жағынан нығайтуға бағытталады", - деді Есқали Саламатов.

ҚАЖ комитетінің мәліметінше, жабылатын мекемелердің қызметкерлері ведомствоның басқа бөлімшелерінде қызметін жалғастырады. Ал ол колониялардағы сотталғандарға келетін болсақ, олар біртіндеп коммуналдық-тұрмыстық жағдайлары жақсарған қауіпсіздіктің ұқсас дәрежесіндегі жақын маңдағы мекемелерге ауыстырылады.

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес, мекеме басшылығы сотталушының жазасын өтеу орнына келуі жөнінде оның ең жақын туыстары немесе заңды өкілдеріне уақытылы, жазбаша үлгіде ескерту жібереді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр