Қазақстанда дұрыс емес жерде тұрған көлікті айып тұрағына апарып тастау ұсынылды
Елімізде жүргізушілердің көлікті дұрыс емес жерге қоюымен күресу үшін арнайы петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жасанды интеллект жасаған
Еpetition.kz сайтында жарияланған петицияның басты мақсаты – көлік жүргізушілерінің тұрақ ережелерін бұзуы салдарынан болатын кептелістерді азайту. Қазір жүргізушілер мен тұрғындарды алаңдатып отырған негізгі мәселелердің бірі – көлік кептелісі.
“Кей жүргізушілер көліктерін қиылыстарға және басқа да орынсыз жерлерге қалдырып, жолда кептеліс немесе төтенше жағдай тудырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 597-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) полиция қызметкерлері жиі қолданатын баптардың бірі болса керек. Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, көлік жүргізушілері тұрақ ережелерін жүйелі түрде бұзады. Жүргізушімен хаттама жасалады. Алайда полиция басқа шұғыл шақыруларға кетеді, бірақ көлік өзінің "заңсыз" орнында қалады", – делінген петиция мәтінінде.
Петиция авторы көлік ішінде жүргізуші болмаған жағдайда тәртіп бұзушының мемлекеттік нөмірі ғана тәркіленетінін, ал эвакуатор сирек шақырылатынын жазады.
“Заңсыз тұрған көліктерді әкететін эвакуаторлар бос емес, бұзылып қалды немесе басқа да түрлі себептер айтылады. Мұндай әрекеттер полицейлердің жұмысына нұқсан келтіреді. Халық нақты нәтижені көрмей, тек тұрақ ережесін бұзып келе жатқан көліктерді көреді”, –делінген мәтінде.
Петиция авторының сөзінше, жүргізуші мемлекет қазынасына айыппұл төлейтін. Содан кейін ғана эвакуаторлық компанияға келіп, шығынын төлеп, көлікті алып кететін шаралар шет елдерде бұрыннан сәтті жүргізіліп келеді.
“Ішкі істер министрлігінің басшылығынан заң шығарушы органның қарауына заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді тұрақтағы бұзушылықтарға әкеп соқтырған көлік құралдарын эвакуациялауға тарту туралы заң жобасын немесе заңнамалық ұсынысты енгізуді сұраймыз”, – деп жазылған петиция мәтінінде.
Петиция 2024 жылдың 19 желтоқсанына дейін белсенді болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жеті жылдан асқан көліктерді әкелуге тыйым салынатыны туралы жазған едік.