AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дүниеге келген шетелдіктердің балаларына туу туралы куәлік беріледі

Қазақстанда дүниеге келген өзге ел азаматтарының балаларына туу туралы куәлік беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның медицина мекемелерінде дүниеге келген әр нәрестеге, яғни анасының мәртебесіне қарамастан, туу туралы куәлік беріледі.

Атап айтқанда, көші-қон процестерінде балалар құқығын қорғау бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 1 мыңнан астам жеткіншек туу туралы құжат алып, оларға білім беру әрі әлеуметтік қызметтер бойынша жағдай жасалды.

Е. Иманғалиевтің пайымынша, көші-қон процестерінде қамтылған балалар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

"Көші-қон бойынша қамтылған балалардың мәселесі әкімшілік проблемаларға қатысты болып тұр. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуі, Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ата-анасының мәртебесінің реттелмеуі, сондай-ақ азаматтығының болмауы мәселесі бар", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр