Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан қор биржасының (KASE) деректерінше күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп, 487,75 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк дерегі бойынша, долларының 1 наурыздағы ресми бағамы –  495,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа бағамы –  487,26 теңге, сатылым –  492,84 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 486,09 теңгеден сатып алады, 491,48 теңгеден сатады.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 01 Наурыз, 2022 15:15
Талқылау