Қазақстанда докторантура бойынша мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Ұлттық тестілеу орталығы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Грант иегерлерінің тізімі ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75 балл.
2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін білу туралы сертификатпен қатар ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсыну қажет.
Талқылау