Қазақстанда депозиттегі теңгелей өтемақылар қымбаттайды
“Жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері (Қормен ұсынылатын) бекітілді”, – деп хабарланды Ұлттық Банктің бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Сыйақының номиналды жылдық мөлшерлемесі, теңгемен – 10%-дан 14% дейін көтеріледі.
Ал, шетелдік валюталарға берілетін өтемақылар 3%-дан 2%-ға дейін төмендемек.
Бекітілген сыйақы мөлшерлемесінің қолданылуы 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Қордың Директорлар Кеңесінің немесе Акционерінің талабымен депозит нарығының конъюнктурасының күрт өзгеруі жағдайында қайта қарастыру құқығымен енгізіледі.
Талқылау