Қазақстанда демалыс күндері күн суық болады
11-13 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер демалыс күндері ел аумағында ауа райының салқындайтынын айтты.
“Жылы және құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының қалыптасуына ықпал етті. Алайда Скандинавия аймақтарынан келетін суық антициклонның әсерінен, елдің солтүстік жартысында ғана емес, оңтүстік облыстарда да ауа температурасы төмендейді”, – деп мәлімдеді синоптиктер.
Еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде.
“Егер оңтүстікте ауа температурасы аздап төмендесе, оңтүстік-шығыста термометр бағандары түнде 5-13°С-қа дейін, күндіз 20-28°С-қа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуі әсерінен еліміздің кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 12-13 маусымда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін”, – дейді синоптиктер.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
