Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 5-6 ақпанда қандай ауа райы күтіледі

Синоптиктер 5-7 ақпанда Қазақстанда ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік, орталық өңірлерде – қар, көктайғақ, тұман, жел, боран болады”, – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.

Ақмола облысында  ауа райы температурасы түнде -5, -7 градусқа дейін төмендесе, күндіз -2, -4 градусты көрсетеді, жауын-шашынсыз өтеді. 

Батыс Қазақстанда түнде -15°С-қа дейін, ал күндіз 3°С-қа дейінгі температура сақталады. Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының негізгі бағыты түнде 20°С- аязға дейін, күндіз -10°С аязға дейін болады.

Ауа температурасының еліміздің орталығы мен шығысында: түнде 28 аязға дейін, күндіз 2 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 11°С аяздан 2°С жылы температураға дейін, күндіз 10°С жылудан, таулы аудандарда 12°С жылуға дейін сақталады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 11°С аяздан 5°С жылуға дейін, күндіз 1°С аяздан 5°С жылуға дейін күтіледі.

STAN.KZ
Жұма, 04 Ақпан, 2022 12:52
Талқылау