Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрігерлік қызметтер қымбаттады

Қазақстанда дәрігерлік қызметтер бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Energyprom.kz деректері бойынша бір жыл ішінде дәрігерлік қызметтер шамамен 6%-ға өскен. 

Ал дәрігердің алғашқы қабылдау бағасы 7,3%-ға қымбаттаған. Стоматологтар да өз қызметтерінің құнын 5,6%-ға көтерген. 

Сондай-ақ амбулаториялардағы дәрігер-мамандар қызметі 3,6%-ға және медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 3,3%-ға өскен.

Осы зерттеуге сәйкес, дәрігердің алғашқы қабылдауы ең қымбат қала – Шымкент қаласы (4 460 теңге), Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (4198 теңге) тұр. Ал ең дәрігерлік қабылдау ең арзан қала Талдықорған (2513 тенге) екені анықталды. 

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 07 Қыркүйек, 2021 10:21
Талқылау