AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавируспен күрескен дәрігерлерге қанша қосымша ақы төленеді

Қазақстанда “Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы” Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені және оны жұқтыру қаупі үшін қосымша ақы белгілеуді көздейді.

Құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Қосымша төлемдер тәуекел дәрежесіне қарай тағайындалады:

  • Жоғары тәуекел: COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері (төсек) мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық персонал, инфекция жұқтырған пациенттермен және (немесе) биологиялық материалдармен тікелей байланысы бар клиникалық бөлімшелер мен параклиникалық құрылымдардың қызметкерлерін қоса алғанда – жеті еселенген айлықақы.

  • Орташа тәуекел: зертханалардың (сынама алуды қабылдау бойынша бөлімдердің) қызметкерлері: санитариялық-эпидемиологиялық маманы, дәрігері, зертхана маманы, сынама алу маманы, зертханашы – бес еселенген айлықақы.

  • Төменгі тәуекел:дәрігерлер, фельдшерлер және жедел медициналық жәрдем жүргізушілері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында – үш еселенген айлықақы.

Айта кетейік, құжат 12 қарашаға дейін талқыланады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр