Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы жарты млн теңгеге дейін көтеріледі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде дәрігерлердің жалақысы өсетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі 2023 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге өсетінін айтты. Биылғы жылдың өзінде медициналық мамандардың жалақысын көтеру басталып кетті.
"2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орташа жалақыдан 2,5 пайызға дейін өседі. 2021 жылы 241 мың медициналық қызметкердің жалақысы өседі. Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға көтеріледі. Осылайша 2023 жылға дейін дәрігерлердің орташа жалақысы 541 мың теңгеге дейін, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңгеге дейін өседі", - дейді Цой.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн