AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмекті таңбалау жұмыстары енгізілмек: Бұл бағаның өсуіне әсер ете ме?

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген дәрі-дәрмекті таңбалаудың заманауи әдістері оны қадағалауға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Егер дәрілерді таңбалап қойсақ, бізде артық мәселелер туындамайды. Сол арқылы оны бақылап отыратын боламыз”, – деді министр. 

Ажар Ғиният дәрі-дәрмек бағасын денсаулық сақтау министрлігі мен бәсекелестікті қорғау агенттігі реттеп, бақылайтынын түсіндірді.

"Біз шекті бағаны белгілейміз, оны қадағалап отырамыз. Егер баға шегінен асса, заңға сәйкес тиісті шаралар қолданылады", – деп нақтылады Ғиният.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин дәрі-дәрмектің бағасының жылына екі рет қайта қаралатынын айтты. Ағымдағы бағалар қаңтар айында белгіленді. Осы уақыттан бері дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 40 фактісі анықталды. Дәрілік заттардың бағасы көтерілген жағдайда қазақстандықтар аумақтық фармацевтикалық бақылау комитеттеріне чекпен жүгінсе болады. 

Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың екінші жартыжылдығына бұйрық дайындап жатыр және дәрі-дәрмектің шекті бағасын қайта қарайтын болады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр