Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Covid-19 инфекциясымен ауырған науқастарға арналған әскери стационарлар жабылды

Қазақстанда Covid-19 инфекциясымен ауырған науқастарға арналған әскери стационарлар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев желідегі парақшасында мәлім етті. Елімізде ашылған төрт әскери стационардың барлығы жабылып, бұрынғы режимде жұмыс жасауға дайындалып жатыр. 

"Карантиндік шаралардың қатаң сақталуының арқасында жеке құрамның арасында коронавирустық инфекция жағдайларының қысқаруына қол жеткізілді. Инфекциялық және провизорлық стационар ретінде қызмет еткен барлық 4 әскери-медициналық мекеме қайтадан штаттық жұмыс режимге ауыстырылды", - дейді Нұрлан Ермекбаев. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 27 Тамыз, 2020 09:57
Талқылау